Мен 2008 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрмын. Былтырғы жылдан бастап сол жағалауда тұрғын үйлердің құрылысы басталды. Осы үйлерден пәтер алғым келеді. Бұл үйлер қашан пайдалануға беріледі?
2018 жылы облыс көлемінде қанша әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде және қанша нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр?
Мен Қызылорда қаласының тұрғынымын. Тұрғын үй алғым келеді, бірақ ол үшін бастапқы жарна талап етіледі, мұндай қаржыны жинақтауға мүмкіндігім жоқ. Қандай жағдайларда баспаналы бола аламын?