"Еңбек қатынастары туралы проблемалық мәселелері"



Қойылған сұрақтар


Қазіргі кезде жұмыс табу өте қиын, зорға дегенде жеке кәсіпкерге жұмысқа тұрдым, алайда жұмыс беруші менімен еңбек шартына отырған жоқ, дегенмен айлық табысымды ай сайын қолма қол береді. Жұмыс берушіден сұрасам сен стажировкадасың деп еңбек шартын жасамай келеді. Осы заңды ма?

Ерболат Беков




Мен бірнеше жыл бұрын жеке компанияда жұмыс істеп жүрген кезде жарақат алғанмын. Алайда, маған жұмыс беруші тарапынан ешқандай көмек көрсетілген жоқ.Осыған байланысты қандай органдарға жүгінуіме болады?

Әденбай Отарбаев




Мен жеке балабақшада жұмыс атқарамын. Жұмыс беруші маған жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын бермейді, себебін сұрасам еңбек демалысына ақша қаралмаған дейді. Жеке балабақша меңгерушісінің еңбек демалысын бермеуге құқығы бар ма? Еңбек демалысымды алуға қандай көмек көрсете аласыздар?

Айна Абишева




Қызым мектепте толық бір ставкада мұғалім болып жұмыс атқарады. Басшысы алдағы оқу жылында бір ставкасын азайтамын деп ауызша ескертіп отыр. Директор қызымның келісімінсіз сағатын азайта алады ма?

Қарлығаш Айдарова